Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекшиннің орынбасары Алматыдағы шектеулер қашан алынатынын айтты

Опубликовано:

Маска таққан қыз бала
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қаладағы шектеулер қашан алынып тасталатыны туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Шектеуді алып тастаудың алғышарты – Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, R репродуктивті санынан 1,0-ге тең болу керек. Бұл тек қоғамдық орындарда, көліктерде және отбасыларда ауру жұқтыру көрсеткіштердің төмендеуі байқалса ғана мүмкін болады", – деді Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында.

Оның айтуынша, алматылықтар қырағылықты жоғалтпауы керек және босаңсымауы керек, олар бетперде режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтауды жалғастыруы керек, қоғамдық көліктерді аз қолдануы керек, егер мүмкін болса, адамдар көп болатын жерлерден аулақ болған жөн және еске алу шараларына барудан бас тартқан дұрыс.

Еске салсақ, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 951 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Осылайша жалпы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 200 044-ге жетіп отыр.

Оған қоса, астмаға арналған дәрі кронавирус инфекциясының асқынуына жол бермейді. Алайда, оны тек аурудың алғашқы аптасында қолдану керек. Мұндай шешімді британдық ғалымдар мәлімдеді.

Ұлыбританиялық дәрігерлер астмамен ауыратындардың коронавирусқа жиі шалдығатынын айтты. Осы орайда, тыныс жолдарының басқа да созылмалы аурулары ковидті одан сайын қиындата түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898748-beksinni-orynbasary-almatydagy-sekteuler-kasan-alynatynyn-ajtty/

pixel