RU

"Ыстық сумен күйдіретін": Бахрейнде секс-құлдықта болған қыз сұхбат берді (видео)

Қыздар
Видеодан кадр: polisia.kz

Қазақстанның ішкі істер министрлігі Бахрейнде сексуалдық құлдықта болған қыздың сұхбатын жариялады. Бойжеткен өзге елде көрген қорлығын баяндаған деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылы қыркүйек айында ІІМ қызметкерлері Бахрейнде сексуалдық мақсатта адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Бахрейн Корольдігі азаматтарынан құралған қылмыстық топты құрықтаған болатын.

ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтің сөзінше, қазіргі таңда алты адам қамауға алынып, тағы біреуіне Интерпол бағыты бойынша халықаралық іздеу жарияланған.

"Қазіргі уақытта күдікті тұлғаларға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалған. Тергеу ішкі істер министрлігінің қатаң бақылауында", - дейді Әділов.

Ведомствоның мәліметінше, жас қыздарды шетелде жоғары жалақы төлейді деп алдап түсірген.

Айжан
Айжан. Видеодан кадр: polisia.kz

Секс-құлдықтан босап шыққандардың бірі Айжан өзге елде көрген қорлық-зорлығын айтып берген.

"Танысым маған шетелде интимді қызметпен байланысты емес, жоғары жалақы төлейтін жұмыс ұсынды. Мен оған сеніп, келістім. Көп ақша табамын деп ойладым. Түсінесіз бе мені тауар секілді сатып жіберген болып тұр ғой.

Менің өмірім тозаққа айналды. Кем дегенде 15 клиентке қызмет көрсетуім керек болды. Жезөкше болып жұмыс істеуден бас тартсақ, бізді ұрып-соғып, ыстық сумен күйдіретін. Тіпті электршокерін де пайдаланатын. Мұздай бассейнге лақтырып жіберетін. Қонақ үйдің сыртынан бір адым аттап шыға алмайтынбыз.

Жақындарым уайымдамасын деп басында кафеде істеп жүрмін де айтым. Ал Қазақстанға келгеннен кейін бәрін полицияға айтуға қорықтым. Бірақ мені сатып жіберген күдіктілер түбі ұсталды. Олар енді өздерінің лайықты жазаларын алатынындығына кәміл сенімдімін.

Сонымен қатар біздің азаматтарымыздың бұдан былай мұндай алдауға ұшырамауларын және оңай ақшаға сенбеулерін, тек жақындары мен туыстарын ойлауларын сұраймын", - дейді зардап шегуші.

Еске сала кетсек, 2020 жылы ақпан айында Бахрейнде 20-дан астам қазақстандық бойжеткен сексқұлдықтан босатылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898757-ystyq-sumen-kuidiretin-baxreinde-seks-quldyqta-bolgan-qyz-suxbat-berdi-video/