Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда иісшіл иттің көмегімен Ресейге есірткі алып өтпек болған адам ұсталды

Опубликовано:

Есірткі
Көрнекі фото: piqsels.com

Қостанай облысындағы "Қайрақ" шекара бекетінде "Зита" атты иісшіл ит Ресейге есірткі алып өтпек болған ер адамды ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Қостанай облысындағы департаментіне қарасты "Қайрақ" (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімінде есірткі затын ұстау дерегі тіркелді. Ресей Федерациясына жолға шыққан азаматының қол жүгін тексеру барысында "Зита" қызметтік иті жолаушының қалтасында есірткі бар екенін анықтады. Тексеру кезінде Қазақстан Республикасы азаматының қалтасынан иісі бар, жасыл түсті 5 грамм гашиш табылды", делінген комитет ақпаратында.

Шекарашылар ұсталған азаматты құзырлы органдарға тапсырды. Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске салсақ, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті мен сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып, Сириядан бір топ Қазақстан азаматын елге қайтару операциясын өткізді. Топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 2 жетім баланы қосқанда 7 адам болды.

Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялаған террористік әрекеттер белсенді жүргізіліп жатқан аймақтардан азаматтарымызды қайтару операциясы Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған "Жусан" операциясының жалғасы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898759-kostanajda-iissil-itti-kmegimen-resejge-esirtki-alyp-tpek-bolgan-adam-staldy/

pixel