Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның неше өңірі "қызыл" аймақта тұр

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігі 13 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 920 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 200 964-ке жетіп отыр.

Министрлік ұсынған соңғы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің екі облысы "қызыл" аймақта тұр. Олар: Ақмола және Павлодар облыстары.

Ал "сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен бірге Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары орналасқан.

Қазақстанның қалған өңірлерінің барлыңы "жасыл" аймақта.

Жалпы еліміз коронавирустың таралу қаупі бойынша "жасыл" аймақта тұр.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында неліктен коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын емес, отандық вакцинаны салдыратынын түсіндірді.

Оның сөзінше, Қазақстанда вакциналауға жіберілген барлық екпелер тексерілген әрі қауіпсіз болып саналады.

"Өздеріңіз білесіздер, ресейлік "Спутник V" келді, Денсаулық сақтау министрлігі бойынша және өңірлердегі әріптестеріміз, сондай-ақ медициналық қызметкерлер вакцинаны салдырып жатыр. Бұл вакцина тиімді және қауіпсіз саналып отыр", - дейді министр.

Одан бөлек Страсбург университетінің молекулярлық биология және вирусология саласындағы PhD докторы, ғалым Әсел Мұсабекова коронавирусқа қарсы вакцинаның кейбір адамдарға не себепті көмектеспейтінін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898802-qazaqstannyn-nese-oniri-qyzyl-aimaqta-tur/

pixel