RU

Qazaq Air әуе компаниясының ұшағына қатысты болған оқиғаның мән-жайы айтылды

Самолет
Фото: facebook.com/QazaqAir

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті Qazaq Air әуе компаниясының ұшағына қатысты болған оқиғаның мән-жайын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 12 ақпанда сағат түнгі 23.20-да елордада Qazaq Air әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы QAZ427 рейсінде тосын оқиға тіркелген.

Ұшақтың ортаңғы шассиінің тысы жарылып, онымен ұшақ 700 метрдей қозғалып үлгергені белгілі болды. Осыдан соң әуе кемесі тұраққа жеткізілген.

Бүгін таңертең мамандар Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы QAZ353 тұрақты рейсін орындайтын Qazaq Air әуе компаниясының басқа әуе кемесін де тексеріпті.

Сонда шассидің оң жақ тіреуінің қос пневматигінің де зақымданғаны анықталған. Осыдан соң ұшақтан жолаушылардың бәрі де эвакуцияланған.

Қазіргі уақытта индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғалар мен жағдайлар басқармасы бұл жайларға байланысты тергеу жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898805-qazaq-air-aue-kompaniyasynyn-usagyna-qatysty-bolgan-oqiganyn-man-zaiy-aityldy/