Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде қылмыс жасаған үш полицейге сот үкімі шықты

Опубликовано:

күдікті
Көрнекі фото: sputnik.kz

Өскеменнің қылмыстық соты парақорлық және алаяқтық жасады деп айыпталған қалалық полиция басқармасының үш қызметкеріне сот үкімін шығарды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Іс материалдарына сүйенсек, полицейлер алдын ала сөз байласып, 2020 жылдың 20 мен 26 маусымы аралығында алаяқтық жасап, жүргізушілерден пара алып отырған.

Тәртіп сақшылары көлік иелеріне жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартпауға уәде еткен.

Сот процесі кезінде күдіктілердің кінәсі толығымен дәлелденді.

Патрульдік полиция батальонының екі инспекторы жеті жарым жылға сотталды. Үшіншісі жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Үшеуі де қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтейді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Өскеменде жауапсыз махаббаты үшін қасақана қылмыс жасаған ер адам туралы жазған едік.

Қала тұрғыны қызбен танысқаннан кейін оны ұнатып, "қырындап" жүреді.

Бірақ қыз жігіттің сезіміне жауап беруден бас тартса керек. Алайда, сүйгенінен бас тарта алмаған жігіт қыздың Instagram-дағы парақшасын, оған жазылушыларды бақылап отырып, бір ер адаммен шетелде түскен суретін көреді.

Өзінің жауапсыз махаббатын қызғанған жігіт "қарсыласына" зиян келтіру жолдарын ойластырады.

Сөйтіп алдымен телефон мен нөмір алып сол жігіттің атына тіркейді. Кейін тіркелген нөмір арқылы учаскелік инспекторға сауда үйінде бомба қойылғаны туралы хабарлама жібереді. Артынша телефон мен сим-картаны өзенге лақтырып жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898815-oskemende-qylmys-zasagan-us-policeige-sot-ukimi-syqty/

pixel