Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында түрмеде жазасын өтеуші бір күндік жалақысын балалар үйіне аударды

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: piqsels.com

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандардың бірі қайырымдылықпен айналыса бастады деп жазады ҚазАқпарат.

«Талап қарызы жоқ жұмысқа орналасқан сотталғандар еңбекақысын өзінің қалауынша жұмсай алады», – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Сотталған Тимур (аты өзгертілген - ред.) мекемеге өткен жылдың қараша айында түскен. Ол мұнда жүргізуші болып жұмысқа орналасыпты.

«Қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге келгеннен кейін сотталғандарды жұмысқа орналастыру – бірінші кезектегі міндет. Әкімшілік қызметкерлері келгендердің жеке істерін зерттейді, өйткені олардың көпшілігі мекемеде білім алады. Алынған дипломдарына сәйкес, оларды мамандыққа немесе жеке қалауына сәйкес мекеме аумағынан тыс кәсіпорындарға жұмысқа орналастырады», – дейді мекеме басшысы Әбдірахман Дастан.

Тимур біраз уақыт жұмыс істеп, мекеме әкімшілігіне айлық жалақысын балалар үйінің шотына аударуды сұрап, игі іс жасауға шешім қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898817-atyrau-oblysynda-turmede-zazasyn-oteusi-bir-kundik-zalaqysyn-balalar-uiine-audardy/

pixel