Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ата-анасы мән бермеген: Сарыағаш полицейлері "жоғалған" 13 жасар қызды тапты

Опубликовано:

жеткіншектер
Көрнекі фото: ru.freepik.com

Түркістан облысының полицейлері "жоғалған" 13 жастағы қызды тауып, отбасына қайтарды деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Ол күндізгі сағат 16:30 шамасында 13 жастағы қызы "қазір келемін" деп, үйінен шығып, содан оралмағанын айтады.

Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері толық құрамда қызды іздеуге кіріскен.

Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында, сыныптастарының үйлерін жеке-жеке аралап, мектеп басшыларымен байланысады. Сонымен қатар, білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізген.

Соның нәтижесінде төрт сағатта қыздың жүрген жері анықталып, ол өзінің үйінен кейінгі 4-көшеде жалғыз келе жатқан жерінен табылады.

Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасына аман-есен табысталды.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, жеткіншек ата-анасына ескертіп, құрбыларымен тамақтану орталығына шыққан. Алайда ата-анасы қызының сөзіне мән бермепті. Осылайша қызын жоғалды деп ойлап, тәртіп сақшыларына хабарлаған.

Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанған анасы полицейлерге алғысын білдірді.

Аталған жайтқа байланысты жасөспірімнің ата-анасына ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Осы тұста полицейлер ата-аналарға, өз ұл-қыздарымен сөйлесіп, өтпелі кезеңінде дос ретінде олардың ойына мән беруді ескертеді. Сондай-ақ оларды үнемі бақылауда ұстау керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898821-ata-anasy-man-bermegen-saryagas-policeileri-zogalgan-13-zasar-qyzdy-tapty/

pixel