Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жолаушылары бар "Газель" қар көшкіні астында қалды

Опубликовано:

Қар көшкіні
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында жолаушылары бар "Газель" қар көшкіні астында қалдысдеп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, оқиға 9 ақпанда сағат 17.00-де Панфилов ауданының Басқұншы ауылдық округінде, таулы жерде, жаңадан салынып жатқан Шүкірбұлақ - Қазанкөл трактор патрульдік жолының 23-шақырымында орын алған.

Екі қар көшкіні "Газельді" басып қалғаны белгілі болды. Оның салонында осы жолды салумен айналысатын мердігер ұйымның жеті қызметкері болған.

Олар жұмыстан соң 19-шақырымда орналасқан уақытша базаға кетіп бара жатыпты.

Мердігер ұйым өз күшітері мен қаражатына жеті қызметкерге көмек көрсетті. Қар көшкіні салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, жол тазаланды.

Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары оқиға болған жерге шақырылмады.

Жағдайды нақтылау үшін оқиға орнына ТЖД, "Қазселденқорғау" және ЖАО қызметкерлерінен төрт адам шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898825-almaty-oblysynda-zolausylary-bar-gazel-qar-koskini-astynda-qaldy/

pixel