Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапонияда 7,3 балдық зілзала болып, жүзден астам адам жарақат алды (фото, видео)

Опубликовано:

Зілзала
Оқиға орны. Фото: Gettty Images/ Kyodo News / Contributor

Жапонияның солтүстік-шығысында Фукусима мен Мияги префектураларында 7,3 балдық жер сілкінісі болды.

РИА Новостидің жазуынша, 103 адам әртүрлі жарақат алған. Олардың басым көпшілігі құлау кезінде жараланған.

Мияги, Фукусима, Ибараки, Точидиги, Сайтама және Чибада зардап шеккендер бар екені хабарланды. Олардың басым көпшілігі Фукусимада тіркелген. Мұнда 52 адам жарақат алған.

Басылымның жазуынша, Тынық мұхитындағы Фукусима префектурасы аймағында тіркелген жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 23: 08-де болған (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:08). Сілкініс ошағы 55 шақырым тереңдікте орналасқан.

Зілзала
Оқиға орны. Фото: Gettty Images/ Kyodo News / Contributor

Фукусима мен Мияги префектурасында максималды соққы күші жеті баллдық жапон шкаласы бойынша 6+ құраған.

Токиода да жерасты дүмпулері сезілген. Жапон астанасындағы сілкініс 4 балға дейін жеткен.

Бұл аймақта атом электр станцияларында төтенше жағдайлар немесе радиацияның ағуы орын алмағаны атап өтіледі.

Жапон үкіметінің ақпаратынша, 1 миллионға жуық үй жарықсыз қалған.

Айта кетейік, 2011 жылы Жапония тарихында ең ірі жер сілкінісі мен цунами болған еді. Салдарынан Фукусима префектурасындағы Фукусима-1 атом электр станциясында радиациялық апат орын алған болатын. Апаттарға INES шкаласы бойынша максималды деңгей берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1898844-zaponiyada-73-baldyq-zilzala-bolyp-zuzden-astam-zaraqat-aldy-foto-video/

pixel