Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі Әшім Ұнайбеков қайтыс болды

Опубликовано:

Әшім Ұнайбеков
Әшім Ұнайбеков. Фото: vk.com/Әшім Ұнайбеков

Музыкант Әшім Ұнайбеков қайтыс болды. Ол Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі болған. Қаралы хабарды филармонияның Facebook-тегі ресми парақшасы хабарлады.

Филармонияның хабарламасында әртістің 12 ақпанда қайтыс болғаны айтылған.

"Өмір кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін... 2021 жылы 12 ақпанда біз әртіс, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекттік филармониясының солисі, кең жүректі адам Әшім Ұнайбековтен айырылып қалдық", - дейді өнер ордасының өкілдері.

Қазақ мемлекттік филармониясының ұжымы Ұнайбековтің туыстары мен жақындарына көңіл айтқан.

"Біз Әшімді жарқын, ақылды, тәрбиелі әрі талантты адам ретінде есте сақтайтын боламыз", - дейді олар.

Еске сала кетсек, қазақстандық шаңғышы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько жол апатынан 38 жасында өмірден озған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898854-qazaq-memlekettik-filarmoniyasynyn-solisi-asim-unaibekov-qaitys-boldy/

pixel