Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған төрт адам коронавирус жұқтырып алған

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pexels.com

АҚШ-тың Орегон штатында екі дозада вакцина салдырған төрт адам коронавирус жұқтырып алған. Бұл туралы америкалық NBC медиа компаниясы хабарлаған.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасының мәліметінше, америкалықтарда SARS-CoV-2-ге оң тест вакцинаның екінші дозасын алғаннан 14 күннен кейін анықталған. Төртеуі де симптомсыз немесе жеңіл түрімен ауырған.

Ал француздық Sanofi фармацевтикалық концернінің жетекшісі америкалық Translate Bio компаниясымен бірлесіп жасап жатқан COVID-19 қарсы вакцина биыл нарыққа шығарылмайтынын мәлімдеген. Бұған дейін Sanofi вакцина 2021 жылдың екінші жартысында қолдануға рұқсат алады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, Оксфорд университеті 6 мен 17 жас аралығындағы балаларға AstraZeneca вакцинасын сынақтан өткізетінін хабарлады. Алдыңғы сынақтар оның ересектерге қауіпсіз екендігін көрсетті. Зерттеуге 300-ден астам ерікті қатысады, олардың 240-ы вакцина алады. Алғашқы екпелер ақпан айында жасалады деп жоспарлануда.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 837 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша ауру жұқтырғандардың жалпы саны 201 801-ге жетті.

Одан бөлек, 14 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстан бойынша Павлодар облысы ғана "қызыл" аймақта қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898869-aks-ta-covid-19-ga-karsy-vakcina-saldyrgan-trt-adam-koronavirus-zktyryp-algan/

pixel