Ауа райы бұзылады: Синоптиктер елімізде дауылды ескерту жариялады
Опубликовано:

Елміздің басым бөлігінде ауа райының бұзылуына байланысты "Қазгидромет" РМК синоптиктері дауылды ескерту жариялады.
15 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады деп күтіледі. Көкшетау қаласының жолдарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15 м/с болады деп күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда қаласында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с болады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанай қаласында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады деп күтіледі. Петропавл қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанда қаласында түнде тұман күтіледі.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Тараз қаласында 15-17 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898898-aua-raiy-buzylady-sinoptikter-elimizde-dauyldy-eskertu-zariyalady/