Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Наурыз мейрамын неше күн бойы тойлатпақ

Опубликовано:

Наурыз
Көрнекі сурет: Sputnik / Тимур Батыршин

Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын бекіту туралы қаулының жобасы "Ашық НҚА" сайтында қоғамдық талқылауға салу мақсатында жарияланды.

Талқылауға арналған құжатты Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі ағымдағы жылдың 9 ақпанында жария етті. Талқылаудың аяқталу күні - 16 ақпан.

Тұжырымдамаға сәйкес Наурызды 10 күн (14-23 наурыз аралығында) бойы атап өту жоспарланған:

14 наурыз – "Көрісу күні"

15 наурыз – "Жайлау күні"

16 наурыз – "Шежіре күні"

17 наурыз – "Тарихқа тағзым күні"

18 наурыз – "Игі істер күні"

19 наурыз – "Шымырлық пен шеберлік күні"

20 наурыз – "Зияткерлік күні"

21 наурыз – "Ұлттық тағамдар күні"

22 наурыз – "Ұлыстың ұлы күні"

23 наурыз – "Жоралғы күні"

Сонымен қатар, жобда мерекені тойлатудың мақсаттары айқындалған. Тұжырымдама авторлары Наурызды атап өту қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту, ынтымақ-бірлікті арттыруға, мейрам кезінде әр адам отбасына, ата-анасына барып, хал-жағдай сұрасу арқылы отбасы институтын күшейтуге, азаматтық бейбітшілікті сақтауға, әлеуметтік әріптестікті және қайырымдылық жасау мәдениетін дамытуға, этносаралық қатынастар мәдениетін дамытуға, қоғамдағы достық пен сенімді нығайтуға, Қазақстан табиғатының бірегейлігін, табиғатқа ұқыпты қарауды ұғынуға, экологиялық мәдениетті және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру бойынша қоғамдық бастамаларды дамытуға өз үлесін қосады деп сенеді.

Осы онкүндікте тұрғындарға толығымен ұлттық нақыштағы киімдер кию ұсынылды. Сондай-ақ, дизайнерлер, тігіншілер сән үлгілерін ұйымдастырып, ұлттық стильдегі жаңа киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынуы өте маңызды. Түрлі сән үлгідегі ұлттық киімді осы он күн ішінде, Көрісу күнінен мейрамның соңына дейін киіп жүру ұсынылады.

Сонымен қатар, гүлдер жәрмеңкесі мен базарлар, айтыстар: жаз бен қыс айтысы, өлі мен тірі айтысы өтеді деп күтілуде. Шуақ концерті: ескі жылмен қоштасу, жаңа жылмен қауышу – сахналық қойылымдар (шоу) қойылады.

Наурыз мейрамы онкүндігі аз қамтылған отбасыларды қолдауға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жоқ-жітімге, жарлы-жақыбайға қол ұшын беруге арналады. Дәулеті мүмкіншілік беретін адамдар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға "Жүрек жылуы", "Наурыз дастархан" ретінде азық-түлік үлестіреді.

Елдімекендерде киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар мен мерекелік шаралар ұйымдастырылып, наурыз көже үлестіріледі. Сондай-ақ, "Қымызмұрындық" этнофестивалі өткізіледі. Тағамдар шеруі өткізіліп, Наурыз көже мен бауырсақ алаңы ұйымдастырылуы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898901-qazaqstanda-nauryz-meiramyn-nese-kun-boiy-toilatpaq/

pixel