Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталғаны белгілі болды

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты жаңа деректі жария етті. Өткен тәулікте 772 адамнан вирус анықталған деп хабарлайды Coronavirus2020.kz telegram арнасы.

Қазақстанда өткен тәулікте 772 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 92

Алматы қаласы - 102

Шымкент қаласы - 13

Ақмола облысы - 64

Ақтөбе облысы - 13

Алматы облысы - 61

Атырау облысы - 38

Шығыс Қазақстан облысы - 53

Жамбыл облысы - 16

Батыс Қазақстан облысы - 38

Қарағанды облысы - 40

Қостанай облысы - 73

Қызылорда облысы - 13

Маңғыстау облысы - 7

Павлодар облысы - 101

Солтүстік Қазақстан облысы - 42

Түркістан облысы - 6

Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 202 573-ке жетті.

Еске сала кетсек, Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері карантин талаптарын жеңілдететін жаңа қаулыға қол қойды.

Атап айтқанда, құжатта 15 ақпаннан бастап қалада сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметіне рұқсат берілетіні көрсетілген.

Сонымен бірге азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың жұмыс және демалыс күндері штатты режимде жұмыс істеуіне рұқсат ету көзделген. Алайда сыйымдылық 30 пайыздан және бір келушіге 4 шаршы метрден аспауы керек.

Сондай-ақ әлеуметік қашықтық пен маска режимін сақтап, санитарлық-дезинфекциялық бақылауды күшейту міндетті. Бассейндер, сауналар, СПА, театрлар мен кинотеатрлардың жұмысына (көрермен залындағы сыйымдылық 30 пайыздан аспауы керек) рұқсат беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898907-otken-taulikte-qansa-adamnan-koronavirus-anyqtalgany-belgili-boldy/

pixel