RU

13 мектеп карантинге жабылды: БҚО-да оқу жылы басталғалы неше оқушы COVID жұқтырды

Оқу
Көрнекі фото: pixabay.com

COVID-19 дертінің таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өзінің ресми Telegram-каналында БҚО-дағы оқушылар арасында коронавирустың таралуына байланысты мәліметтерді назарға ұсынды.

ВАК мәліметтеріне сәкес, оқу жылы басталғалы Батыс Қазақстан облысында мектеп оқушылары арасында COVID-19-ды жұқтырудың 381 жағдайы тіркелген. Оның ішінде, 187-сі оффлайн форматта оқитын оқушылар болса, 194 жағдай қашықтан оқитын оқушылар арасында болып отыр.

3 тоқсан басталғалы, яғни 11 қаңтардан бастап облыс мектептерінің оқушылары арасында дертті жұқтырудың 167 дерегі тіркелген. 89 - оқушы оффлайн форматта, 78 - қашықтан оқитын оқушылар арасында анықталған.

8-12 ақпан аралығында облыс аумағындағы Қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 13 мектеп карантинге жабылған.

2021 жылдың басынан Батыс Қазақстан облысының аумағындағы мемлекеттік шекара бекеттері арқылы 34 899 адам өткен. 6 955 жолаушы азаматтардың 867-сінде COVID-19-ға теріс нәтижесі көрсетілген анықтама болмаған. Аталған жолаушылар 3 тәулікке карантиндік стационарға орналастырылып, ПТР әдісімен COVID-19 тест алынған, 4 жолаушының тест қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.

Аталған аралықта БҚО аумағы арқылы екі жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын 18 265 жүргізуші өткен. 5 850 жүргізушінің арнайы анықтамасы болмауына байланысты ПТР әдісімен COVID-19 тест алынып, 7 жүргізушінің КВИ жұқтырғаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898912-13-mektep-karantinge-zabyldy-bqo-da-oqu-zyly-bastalgaly-nese-oqusy-covid-zuqtyrdy/