RU

Атыраулықтарды азық-түлік жеткізіп беремін деп алдап кеткен адам ұсталды

азықсупер
Көрнекі фото: pixabay.com

Азық-түлік жеткізіп беремін деген Өскемен қаласының тұрғыны 13 атыраулықтың ақшасын алдап алған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, "Anti-fraud" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Шығыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталған.

"Ол Атырау қаласының тұрғындарын азық-түлік жеткіземін деген сылтауымен "Яндекс такси" қосымшасы арқылы алдап, алаяқтық жолымен ақшасын иемденген. Қазір күдіктінің интернет-алаяқтықтың 13 эпизодына қатысы бар екені дәлелденді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, Павлодарлық азамат қарт әкесінің төрт ай бойы жинаған зейнетақысын ұрлағанын жазған едік.

Облыстың криминалды полиция басқармасының басшысы Балғабай Қапаровтың мәлімдеуінше, 75 жастағы ауыл тұрғыны полицияға шағымданған. Ол өзінің банк шотынан қомақты қаржы ұрланғанын жеткізіпті.

"Жедел уәкілдер қылмыс жасады деген күдікпен зейнеткердің 34 жастағы ұлын ұстады", - дейді криминалды полиция басқармасының басшысы.

Анықталғандай, күдікті ер адам өз телефонына банктің мобильді қосымшасын орнатқан.

Сонымен бірге Алматыда жәрдемақы алуға көмектесемін деп алаяқтық жасаған әйел ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898913-atyraulyqtardy-azyq-tulik-zetkizip-beremin-dep-aldap-ketken-adam-ustaldy/