Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гвинеяда Эбола эпидемиясы басталып кетті

Опубликовано:

Эбола
Көрнекі сурет: pixabay.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Гвинеяда 2016 жылдан бері алғаш рет Эбола геморрагиялық безгегінің үш жағдайы тіркелгенін растады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ауруға шалдыққан алғашқы науқас қаңтардың соңында қайтыс болған медбике болған деп хабарлайды РИА Новости.

Медбикені жерлеу рәсімінен кейін тағы алты адамнан безгектің белгілеріне ұқсас белгілер пайда болған. Ауру жұқтырғандардың екеуі қайтыс болды, ал төртеуі ауруханаға жатқызылды.

ДДСҰ сарапшылары бүгінде оқиға орнына келіп жеткен және Гвинея билігіне Эбола вакцинасын алуға көмектесіп жатыр. Анықталған жағдайлардың үлгілері вирустың қазіргі штамын анықтау үшін Сенегалдағы Пастер институтына жіберілді.

"ДДСҰ шара қолдануды бастау үшін тестілеу, байланыста болған адамдарды іздеу және емдеу инфрақұрылымын құру үшін билікке қолдау көрсетуде" - деді ДДСҰ-ның Африка бойынша аймақтық директоры Матшидисо Моэти.

Эбола безгегі туралы көрші елдерге ескертілді және олар ДДСҰ-мен байланыста болуда. Guinee114 ақпаратына сәйкес, Гвинея Эбола эпидемиясының басталғанын жариялаған.

"14 ақпанда Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен өткен дағдарыстық кеңесте эпидемияға қарсы іс-қимылдың бірқатар шараларын енгізу туралы шешім қабылданды, соның ішінде Эболамен байланысы бар кез келген адамды анықтау және оқшаулау", - деп жазылған жарияланымда

Басылымның хабарлауынша, бүгінде елде жеті адамнан Эбола безгегінің белгілері анықталып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898919-gvineyada-ebola-epidemiyasy-bastalyp-ketti/

pixel