RU

Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қанша адам қайтыс болды

Аурухана1
Көрнекі фото: pexels.com

Өткен тәуліктерде коронавирустың асқынуы мен пневмониядан алты қазақстандық қайтыс болды. Жаңарған статистикалық деректер Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасында жарияланған.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, өткен тәулікте 19 адамға коронавирус белгілері бар пневмония диагнозы қойылған. Екі адам аурудан көз жұмған.

Өткен жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда 48 694 адам пневмонияға шалдыққан. Соның ішінде 600 адам аурудың құрбаны болыпты.

Сонымен бірге коронавирус бойынша деректер де жаңарды.

"15 ақпандағы мәлімет бойынша, 23 542 адам короновирус инфекциясынан (14 722 КВИ+ және 8 820 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 339 пациент стационарда, 18 203 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда", - дейді ведомство.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 249 адамның жағдайы ауыр;

• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, өткен тәулікте 772 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Дерті асқынған тағы төрт адам көз жұмды.

Осылайша, ел бойынша ауру жұқтырғандардың жалпы саны 2020 573-ке жетті. Соның ішінде 2646 адам вирустан қайтыс болған.

Еске сала кетсек, Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері карантин талаптарын жеңілдететін жаңа қаулыға қол қойған еді.

Атап айтқанда, құжатта 15 ақпаннан бастап қалада сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметіне рұқсат берілетіні көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898944-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-qansa-adam-qaitys-boldy/