Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус бойынша "қызыл" аймақта бір ғана облыс қалды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің telegram арнасындағы мәліметіне сүйенсек, ел бойынша Павлодар облысы ғана "қызыл" аймақта қалған.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары бар.

Қалған өңірлердің бәрі "жасыл" аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан "жасыл" аймақта тұр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте 772 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша, ел бойынша ауру жұқтырғандардың жалпы саны 2020 573-ке жетті.

Сонымен бірге бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан алты қазақстандық қайтыс болған.

Айта кетсек, Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері карантин талаптарын жеңілдететін жаңа қаулыға қол қойған еді.

Атап айтқанда, құжатта 15 ақпаннан бастап қалада сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметіне рұқсат берілетіні көрсетілген.

Сонымен бірге азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың жұмыс және демалыс күндері штатты режимде жұмыс істеуіне рұқсат ету көзделген.

Алайда сыйымдылық 30 пайыздан және бір келушіге 4 шаршы метрден аспауы керек. Сондай-ақ әлеуметік қашықтық пен маска режимін сақтап, санитарлық-дезинфекциялық бақылауды күшейту міндетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898949-qazaqstanda-koronavirus-boiynsa-qyzyl-aimaqta-bir-gana-oblys-qaldy/

pixel