Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Спутник V" вакцинасы Қазақстанда ресми түрде тіркелді

Опубликовано:

Вакцина
Фото: Sputnik/Абзал Қалиев

Қарағанды фармацевтика кешені Қазақстан аумағында коронавирусқа қарсы "Гам-КОВИД-Вак" ("Спутник V") вакцинасын тіркеу рәсімін аяқтады деп хабарлайды Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасы.

"13 ақпанда Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі сараптама ұйымының вакцинаның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытындысы алынды. Аталған қорытынды негізінде ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тіркеу куәлігін алуға өтінім жолданды", - делінген хабарламада.

Қазақстан – "Спутник V" вакцинасын мақұлдаған 27-ші мемлекет.

Алдын ала есептеулер бойынша, ақпан айының соңында Қазақстанның барлық өңіріне Қарағанды фармацевтика кешені өндірген "Спутник V" вакцинасының 90 мыңға жуық дозасы жеткізілмек.

Айта кетейік, Қарағанды фармацевтика кешені – биотехнологиялық препараттар өндірісіне мамандандырылған Қазақстандағы алғашқы және әзірге жалғыз фармацевтика кәсіпорны. Ол бірегей жабдықпен жабдықталған және халықаралық GMP стандартына сәйкес сертификатталған.

Кәсіпорынның негізгі өнімдері – ауыр әлеуметтік маңызы бар ауруларды (онкология, гемофилия, гепатит, қант диабеті және тағы басқа) емдеуге арналған заманауи жоғары тиімді препараттар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898976-sputnik-v-vakcinasy-qazaqstanda-resmi-turde-tirkeldi/

pixel