Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әуретті жерін байқамаған: Дәрігерлер ер адамға кесар тілігін жасап тастады (фото)

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: lenta.ua

АҚШ-та ақ халаттылар ер адамды әйелмен шатастырып, оған кесар тілігін жасап тастады деп хабарлайды World News Daily Report басылымы.

Дәрігерлердің салғырттығынан зардап шеккен Лесли Морган Уайат оларды сотқа берді.

Белгілі болғандай, америкалық азаматтың артық салмақтан денсаулығы сыр берген. Кеуде тұсы қатты ауыра бастаған ол Құтқару қызметіне жүгінеді.

Лесли Сэнт-Мэтьюз медициналық орталығына жеткізіліп, ондағы қызметкерлер ер адамды дереу босану бөліміне жатқызады. Олар ер адамды әйел деп санап, наркоз беру арқылы кесар тілігімен босандырып алуды жоспарлайды.

Лесли
Лесли. Фото: WORLD NEWS DAILY REPORT
"Менің жыныс мүшемді қалайша ешкім байқамаған", - деп ашуланды Лесли өзіне кесар тілігі жасалғанын білгеннен кейін.

Уайаттың айтуынша, дәрігерлер оған кесар тілігін жасап тастағаннан кейін 30 минут уақыт өткенде ғана оның ер адам екенін түсінген.

Көп ұзамай ақ халаттылар Лесли жүктіліктен емес жүрек талмасынан өзін нашар сезінген деген диагноз қояды.

Енді жәбірленуші қателік жасаған дәрігерлерден 1,2 миллион доллар өтемақы өндіріп алмақ.

"Менің клиентім дәрігердің кесар тілігін жасау туралы ұсынысын қабылдаған кезде оған не болып жатқанын түсіне алмайтындай күйде болған. Себебі, қатты ауырсыну мен күйзелісті басынан кешірген ол өзіне кесар тілігін жасау ұсынылып жатқанын бірден ұға қоймады", - деді Уайаттың адвокаты.

Дәрігер
Дәрігер. Фото: WORLD NEWS DAILY REPORT

Дәрігер Джошуа Вайзенберг болса, Сэнт-Мэтьюз медициналық орталығында мұндай медициналық қателіктер кейде болып тұратынына қарамастан, ота науқастың өміріне ешқандай қауіп төндірмегенін және ол тез жазылып кетуі керектігін алға тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899000-auretti-zerin-baiqamady-darigerler-er-adamga-kesar-tiligin-zasap-tastady-foto/

pixel