RU

Нұр-Сұлтан тұрғынынан 40 млн теңгенің синтетикалық есірткісі табылды (видео)

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: polisia.kz

Нұр-Сұлтан қаласының полициясы "дизайнерлік" есірткіні таратқан күдіктіні ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткіні жеткізу арнасының жолын кесу мақсатында өткізілген жедел-іздестіру шарасы кезінде полиция қызметкерлері 32 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.

Ер адам "дизайнерлік" деп аталатын аса ірі көлемдегі есірткіні таратты деген күдікке ілінген.

Жеке тексеріс кезінде полиция ұсталған адамнан 800 граммға жуық "синтетика" тәркілеген. Ол оны Қазақстанның басқа аймақтарына: Павлодар, Атырау және Теміртауға сату мақсатында жіберуді жоспарлаған.

Сонымен қатар күдіктінің үйін тінту нәтижесінде тәртіп сақшылары салмағы 850 грамнан асатын, құрамында күшті әсері ететін психотроптық заттары бар тағы жеті түйіншекті тапқан.

Есірткі заттарының жалпы салмағы 1,5 келі немесе 5 мың бір реттік доза.

Портал дерегіне сүйенсек, тәркіленген синтетикалық заттардың қара нарықтағы құны 40 миллион теңгені құрайды.

Аталмыш факті бойынша қазір қылмыстық іс қозғалған. Күдікті Нұр-Сұлтандағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заң өкілдері қылмыстық топқа қатысы бар басқа адамдарды анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысындағы "Қайрақ" шекара бекетінде "Зита" атты иісшіл ит Ресейге есірткі алып өтпек болған ер адамды ұстаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899007-nur-sultan-turgynynan-40-mln-tengenin-sintetikalyq-esirtkisi-tabyldy-video/