Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында табысын арттырғысы келген әйел 1 млн теңгесінен айырылып қалды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркістан облысының полицейлері онлайн-алаяқтықпен айналысып, азаматтарға өз табысын арттыруды ұсынған екі күдіктіні ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құзырлы органның мәліметінше, Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.

Айтуынша, әлеуметтік желіде белгісіз тұлғалар табысын арттыруды ұсынған.

Ұсынысқа қызығушылық танытқан келіншек күдіктілердің шотына шамамен 1 млн теңге аударған. Кейіннен алаяқтар байланысын үзген деп хабарлайды ведомство.

Аталған жайт "Алаяқтық" бабы бойынша тіркелген. Рейд барысында жедел қызметкерлер екі күн ішінде күдіктілерді ұстаған.

Олар екі жергілікті тұрғын болып шықты. Нәзік жандылар әлеуметтік желілердің бірінде топ құрып, табысын арттыруға уәде беріп, сол топқа аңғал азаматтарды шақырған.

Осылайша, алаяқтар тез байығысы келетін азаматтардан ақша жымқырған.

Қазіргі уақытта күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Полиция қызметкерлері олардың басқа да қылмысқа қатысы бар - жоғын анықтамақ.

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі Қазақстанда ең жиі жасалатын алаяқтық түрлері туралы айтқан еді.

Тізімде "банк өкілдерінен" түсетін қоңыраулар мен Instagram арқылы сату бар.

Одан бөлек, онлайн-несиелерді шағын несиелік ұйымдарда заңсыз тіркеу жағдайлары да жиілеп кеткен.

Алаяқтар азаматтардың дербес деректерін интернет арқылы алу үшін түрлі амалдар іздейтін көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899017-oz-kirisin-arttyrmaq-bolgan-aiel-1-mln-tengesinen-aiyryldy/

pixel