Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Шөмішбай Сариевтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты деп хабарлайды Ақорда.

Президент аса көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

"Шөмішбай Нағашыбайұлы қазақ поэзиясының көшін алға бастаған қаламгердің бірі болды. Өрелі өлеңдері мен поэмалары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та ақынның туыстарына көңіл айтқан еді.

Еске сала кетсек, танымал ақын 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген. Қамбаш орта мектебін аяқтаған соң, Қазалы аудандық "Ленин туы" және Арал аудандық "Толқын" газеттерінде қызмет атқарған. 1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

1970-1974 жылдары "Қазақстан" баспасында редактор, "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болған.

1994 жылы "Жазушы" баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы "Сүйінші" деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ боп басылып шыққан.

Ақын Фр.Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (2003), "Тарлан" сыйлығының иегері (2004), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899072-toqaev-somisbai-sarievtin-otbasy-men-zaqyndaryna-konil-aitty/

pixel