RU

Еліміздің алты өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

боран11
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері Қазақстанның алты облысында дауылдық ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, 16 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз жел соғып, кей жерлерінде, күші 15-20 м/с дейін жетеді.

16 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады.

Сонымен қатар 16 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде, Қызылорда қаласында тұман күтіледі.

16 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде, Ақтау қаласында түнде және таңертең көктайғақ болуы мүмкін.

16 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

16 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Метеорологтардың мәліметінше, бұл аралықта еліміздің батысы мен солтүстігінде күннің суытуы күтілуде.

17-18 аталмыш өңірлерде боран болуы мүмкін. Қазақстанның бірқатар өңірлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі ықтимал.

Сонымен қатар Мәскеуде 50 жылда алғаш рет рекордтық деңгейдегі қалың қар түскенін жазған едік. Соңғы рет қалың қар 1973 жылғы 12 қаңтарда жауған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899079-elimizdin-alty-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/