RU

Ақтөбе облысында карантин жеңілдетілді

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері өңір аумағында шектеу шараларын жеңілдететін жаңа қаулыға қол қойды. Бұл туралы облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Жаңа қаулыға сәйкес, 15 ақпаннан бастап Ақтөбе облысындағы мектептер мен жоғары оқу орындарындағы асханалардың жұмысына рұқсат.

Сонымен қатар театрлардың, кинотеатрлардың және концерт залдарының жұмысына істеуіне рұқсат.

Сондай-ақ бес уақыт намазды мешітте оқуға рұқсат беріліп отыр. Тек ғимараттың сыйымдылығы 30 пайыздан яғни 100 адамнан аспауы керек.

Ал жұма намазына тек ауылдық жерлерде ғана рұқсат. Адамы саны 150-ден аспауы қажет.

Одан бөлек, сауда, ойын-сауық орталықтарындағы мұз айдындарының қызметі де қайта жанданады. Қаулыға сәйкес, мұнда әлеуметтік қашықтық сақталып, адамдар бетперде тағуы тиіс.

Айта кетсек, Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері де қалада карантин талаптарын жеңілдететін жаңа қаулыға қол қойған еді.

Оған сәйкес, азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар енді аптаның барлық күндері де жұмыс істейтін болады.

Алайда сыйымдылық 30 пайыздан және бір келушіге 4 шаршы метрден аспауы керек.

Бассейндер, сауналар, СПА, театрлар мен кинотеатрлардың жұмысына да (көрермен залындағы сыйымдылық 30 пайыздан аспауы керек) рұқсат.

Қоғамдық тамақтану орындары, соның ішінде сауда ойын-сауық орталықтары мен қонақ үйлерде орналасқан асханалар таңғы жетіден түн ортасына дейін жұмыс істей алады. Бірақ шот 23.00-ге дейін жабылуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899080-aqtobe-oblysynda-karantin-zenildetildi/