Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жедел жәрдем көлігінің батпаққа батып қалған сәті желіде тарады

Опубликовано:

Фото
Фото: Instagram/kris.p.original

Әлеуметтік желіде Алматыда жедел жәрдем көлігінің балшыққа батып қалған сәті тарап, көпшіліктің талқысына түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі kris.p.original тобында жарияланды.

Оқиғаға куә болғандардың сөзінше, сағат 23.00-де Алатау ауданы, Алғабас шағынауданы Жаңақұрылыс көшесіне шақыртылған жедел жәрдем көлігі балшыққа батып, бір сағаттай тұрып қалған. Ал машинаның шығуына жергілікті тұрғындар көмектесіпті.

Осы жағдайға қатысты оңтүстік астананың жедел жәрдем баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ведомство мәліметінше, аталған мекенжайға 15 ақпан күні 3 шақырту түскен. Барлық науқастарға медициналық көмек уақытылы көрсетілді.

"Жедел жәрдем көлігі батпаққа науқасты тексеріп болғанан кейін, яғни қайтар жолда батып қалды. Машина жарты сағаттан соң ешкімнің көмегінсіз шықты", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбеде кеше жедел жәрдем көлігінің 50-ге тарта жүргізушісі наразылыққа шықты. Бірнеше жылдан бері жалақы өспегенін айтқан жұмысшылар мекеме басшылығына талап қойып отыр. Айтуларынша, бір аптаның ішінде жалақыға қатысты сұрақ шешілмесе, жұмысты тоқтатпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899250-almatyda-zedel-zardem-koliginin-batpaqqa-batyp-qalgan-sati-zelide-tarady/

pixel