Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір бүлдіршін көз жұмды": Жетісайда үш бірдей баланы қағып кеткен жүргізуші іздестірілуде

Опубликовано:

полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ

Түркістан облысында үш баланы көлігімен қағып, оқиға орнынан із суытқан күдікті іздестіріліп жатыр. Балалардың бірі ауруханада қайтыс болды деп хабарлайды Қазақпарат.

Өңірдің полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 14 ақпанда Жетісай аудандық полиция бөліміне түрлі дене жарақаттарымен кәмелет жасына толмаған 3 баланың жеткізілгені туралы ауруханадан хабарлама келіп түскен.

Аталған жайт бойынша тәріп сақшылары бірден тексеру жұмыстарын жүргізгені белгілі болды.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер сол күні кешкі сағат 17:50 шамасында Жетісай ауданындағы Ерубаев көшесі бойында белгісіз автокөлік оңтүстіктен солтүстік бағытына қарай жүріп бара жатып, 3 жасөспірім баланы соғып, жол-көлік оқиғасын жасағанын анықтаған.

Салдарынан үш бала да ауруханаға жеткізілді. Яғни 16 және 13 жас шамасындағы балалар түрлі дене жарақаттарымен ем қабылдауда.

Ведомстов мәліметінше, 4 жастағы бүлдіршін ауыр дене жарақатынан жансақтау бөліміне түсіп, қайтыс болған.

Аталған факті Жетісай аудандық полиция бөлімінде қылмыстық кодекстің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") және қылмыстық кодекстің 347-бабы ("Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

"Аудан полицейлері күдіктіні анықтауға қатысты жедел іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Оқиға орнын тиянақты тексерген тәртіп сақшылары белгісіз автокөліктің артқы жарық шамдарының сынықтары мен айна сынықтарын тапты. Олардың "Ауди-100" маркалы көлігіне тиесілі және көліктің түсі сұр-қара болуы ықтимал екенін болжауда. Сол себепті осы болжамға сәйкес Жетісай ауданындағы "Ауди-100" маркалы автокөліктер тыңғылықты тексерілуде", - деп нақтылады полиция қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1899283-bir-buldirsin-koz-zumdy-zetisaida-us-birdei-balany-qagyp-ketken-zurgizusi-izdestirilude/

pixel