Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда мас әйел іш киіммен подъезде дефиле көрсеткен

Опубликовано:

Қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Екібастұз тұрғыны подъезде іш киіммен дефиле жасаған мас көршісіне шағымданды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Тұрғын үйлердің бірінде тұрғындар полицияға жүгініп, ішімдік ішіп алған көршісінің подъезде жартылай жалаңаштанып жүргенін айтқан.

Келіншек көршілерінің ескертуіне ашуланып жауап беріп, бейәдеп сөздер айтқан.

Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері аттанған. Екібастұз тұрғынын уақытша айықтыру және детоксикация орталығына жеткізген.

Полицейлер құқық бұзушыны ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпақ.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, 2021 жылдан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің осы бабы бойынша 83 іс қаралған.

Еске сала кетсек, Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов өз Facebook парақшасында Айка-мажор атымен танымал 33 жастағы қала тұрғыны қайта құрықталғанын мәлімдеген еді. Өткен жылы ол қызға пышақпен шабуыл жасағаны үшін ұсталған болатын.

Абдрахмановтың айтуынша, алматылық әйел Қылмыстық кодекстің 293- бабы 3- бөлігі "Бұзақылық" бабы бойынша күдікке ілінген. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

"Қазіргі уақытта объективті және жан-жақты тергеуге, сондай-ақ істің мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде",- деді полиция бастығының орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899289-ekibastuzda-mas-aiel-is-kiimmen-podezde-defile-korsetken/

pixel