Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа заңға бағынуға міндетті": Тоқаев елде митингі өткізгісі келетіндер жайлы айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли өз Facebook парақшасында мемлекет басшысының Бас прокуратураның басшылық құрамымен өткізген кеңесінен видео жариялады. Онда президент елдегі митинг өткізу тәртібі жөнінде сөз қозғаған.

"Былтырдан бастап Қазақстанда бейбіт жиындар өткізу туралы мүлде жаңа заң күшіне енді. Егер бұрын қолданыста болған заңда рұқсат алу процедурасы болса, жаңа заңда митинг өткізу туралы хабарласа жеткілікті. Сонымен қатар, ірі қалалардың орталықтарында бейбіт жиындарға, оның ішінде, наразылық акцияларын өткізуге арнайы орындар белгіленген.

Бұл біздің қоғамды демократияландыру жолындағы өте маңызды қадам. Бұл саясатты біздің қоғамда ғана емес, шетелдерде де түсіндіруіміз керек. Жиын өткізгісі келетіндер жаңа заңға бағынуға міндетті.

Азаматтардың билікке қатысты өз ойын білдіру, сыни пікір айту құқынан ешкім айыра алмайды. Бұл олардың конституциялық құқығы және ол қатаң түрде заң аясында орындалуы керек",- деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899305-zana-zanga-bagynuga-mindetti-toqaev-elde-mitingi-otkizgisi-keletinder-zaily-aitty/

pixel