Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шай-кофе": Алматыда караоке-бар қызметкерлері шетелдік клиенттерге интимдік қызмет көрсеткен

Опубликовано:

караоке-бар2
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда караоке-бар қызметкерлері шетелдік клиенттерге интимдік қызмет көрсеткен деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, жеңіл жүрісті 18 әйел келушілердің көңілін көтерген.

Алматы қалалық полиция дептарментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәровтің айтуынша, бар "шай-кофе" жүйесіне сәйкес жұмыс істеген.

"Егер клиент кіре берісте "шай" алғысы келсе, демек бар қызметкерлері ақшалай сыйақы үшін олардың демалыстары біткенше қасында серіктес болады. "Кофе" караоке-бардан тыс жерде ақшалай сыйақы үшін интимді қызметтерді көрсетуді білдіреді. Мекемені екі әкімші басқарған – 1989 жылы туған азаматша мен 1987 жылы туған азаматша.

Осы арнайы іс-шараның нәтижесінде полиция департаментіне барлығы екі әкімші, интимдік қызмет көрсететін 18 әйел, оның біреуі Ресей Федерациясының азаматшасы, сонымен қатар үш шетелдік клиент жеткізілді. Әрқайсысының іс-әрекетіне заңдық баға беріліп, заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады", – дейді Еркін Іңкәров.

Айта кетсек, бұған дейін ақтөбелік полицейлер SPA салон түрінде жұмыс істейтін интимдік қызмет көрсетуге арналған притонды анықтаған еді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында салонның клиенттеріне интимдік қызметтер көрсету үшін қыздарды ұсынған мекеменің әкімшісі ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899306-sai-kofe-almatyda-karaoke-bar-qyzmetkerleri-seteldik-klientterge-intimdik-qyzmet-korsetti/

pixel