Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан президентінің күйеу баласы Ташкентте жол апатына ұшырады

Опубликовано:

Отабек Умаров
Фото: Instagram/otabek_muhammadalievich

Өзбекстан президентінің отбасы мен үкіметке жақын дереккөздің хабарлауынша, Шавкат Мирзияевтің күйеу баласы, мемлекет басшысы қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары Отабек Умаров 13 ақпан күні кешке Ташкент орталығында жол апатына ұшыраған деп хабарлайды Орта Азия жаңалықтар қызметі.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, 36 жастағы Отабек Умаров қатты жылдамдықпен келе жатып, солға қарай кілт бұрылған, содан жол шетіне соғысқан. Ешкім зардап шекпеген.

Президент күйеу баласының аяғы жараланып, ауруханада алты сағат бойы ота жасалған деген ақпарат бар.

Тағы бір дереккөз мәліметінше, Умаровтың "оң аяғы үш жерден сынған, ал сол аяғының сүйегі қатты соққыдан мыжылып кеткен".

Екінші бір мәліметтерге қарағанда, науқасты жекеменшік медициналық ұшақпен шетелге алып кеткен.

Отабек Умаров Өзбекстан президентінің кенже қызы Шахноза Мирзияеваға үйленген.

Айта кетейік, күні кеше әлеуметтік желілерде Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қызметкері ретінде көрсетілген азамат жол ережесін өрескел бұзды деген ақпарат тарады.

Бұл мәселеге қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісі еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінен түсініктеме сұрады.

"Қазір Киевтегі біздің елшілік оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр, жергілікті полициямен байланысқа шықтық. Жол ережесінің бұзылғандығы, айыппұл салынған-салынбағаны нақтылануда. Украинадағы әріптестерімізден толығырақ ақпарат алғанда оқиғаның анық-қанығы жайлы түсініктеме береміз", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899360-ozbekstan-prezidentinin-kuieu-balasy-taskentte-zol-apatyna-usyrady/

pixel