Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады

Опубликовано:

Індет
Көрнекі фото: pixabay.com

Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады деп хабарлайды РИА Новости.

"Коронавирустың нағыз түсі - қара және ақ", - деп түсіндірді әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің профессоры Андрэ Гютер.

Оның сөзінше, COVID-19-ды түрлі-түсті деп айтқан дұрыс емес. Себебі SARS-CoV-2 молекулаларының өлшемі жарық толқыны ұзындығынан аз. Пішіні шарға ұқсас.

"Қызыл, сары, қызғылт түстер бөліктерді анығырақ көрсету үшін қолданылады. 3D өлшемдердің де мақсаты осы", - деді зерттеуші.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде 108,5 миллион адам коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Джонс Хопкинс университеті мәліметіне сәйкес, бұл көрсеткіш 109 миллионнан асқан. Олардың 2,4 миллионы қауіпті дерт салдарынан көз жұмды.

АҚШ, Үндістан, Бразилия және Ұлыбританияда вирусты жұқтырғандар саны ең көп.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 796 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 204 055-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899361-galymdar-koronavirustyn-tusin-anyqtady/

pixel