RU

Алматыда кезекте тұрғандарға 8 мыңнан астам пәтер берілмек

Пәтер
Көрнекі фото: Newtimes.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есеп беру кездесуі барысында қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны іске асыру туралы белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылы қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2948 пәтер бөлінді. Сонымен қатар, 1 мың жас отбасы «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие арқылы баспанаға қол жеткізді.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен жұмыс істейтін жас мамандар осы бағдарламаға алғаш рет қалада тіркеусіз қатыса алды.

Сондай-ақ, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы ауданы 294,4 мың шаршы метр болатын 3902 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 2,5 есе көп.

Ағымдағы жылы мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында 8292 пәтер бөлінеді. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне – 427 пәтер, көп балалы отбасыларға – 452, жұмысшы жастарға-1050. Сондай - ақ, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 3578 пәтер, «Кредиттік баспана» бойынша - 1411, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша-374 пәтер бөлінеді. «Алматы жастары» бағдарламасы жалғасады, ол арқылы 1 мың жас алматылық тұрғын үй ала алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899385-almatyda-kezekte-turgandarga-8-mynnan-astam-pater-berilmek/