Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз әкесінен ақша ұрлаған ақмолалық бойжеткен ұятқа қалды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақмола облысының полиция қызметкерлері өз үйінен ақша ұрлаған бойжеткенді әшкереледі деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 15 ақпанда Көкшетау қаласының полиция басқармасының кезекші бөліміне 40 жастағы жергілікті тұрғын белгісіз біреулердің тұрғын үйіне кіріп, шкафтағы ақшасын ұрлап әкеткені туралы арызданған.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 100 мың теңгеден асады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары осы қылмысты жасаған арызданушының қызы болып табылатын 19 жастағы бойжеткенді әшкереледі.

Қазіргі уақытта айыпталушы өз қылмысын мойындады және ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсау үшін алғанын жеткізген.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қарағандыда қонаққа шақырылған азамат үй иесінің ұялы телефонын ұрлап, автокөлігін заңсыз айдап әкеткенін хабарлаған едік.

Одан бөлек, Түркістан облысында күдікті мешітке ұрлыққа түсіп, қайырымдылық жәшіктерін тонап кеткен болатын.

Сонымен қатар Түркістан облысында пәтер тонамақ болған әйел үй иесіне ұсталып қалғанын жазған болатынбыз.

Белгілі болғандай күдікті әйел бұрын сотты болған жергілікті тұрғын екен. Ол үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, "тығып кеткен" кілтті тауып алып, үйге заңсыз кірмек болыпты.

Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899387-oz-akesinen-aqsa-urlagan-aqmolalyq-boizetken-uyatqa-qaldy/

pixel