Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында қылмыстық топ мемлекетке 1 млрд теңге шығын келтірді (видео)

Опубликовано:

Теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодар облысында нақты жұмыс жасамай, қызмет көрсетпей және тауарларды жөнелтпей жалған шот-фактуралар беру фактісі анықталды. Мемлекетке миллиард теңге шығын келтірілген. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тергеу барысында бір топ адам Павлодар облысының аумағында "өзара есеп айырысу" бойынша жалған есеп құжаттарын шығарумен айналысқаны анықталды.

Осы арқылы күдіктілер контрагенттік кәсіпорындарға салықтан жалтаруға көмектесті. Мемлекетке 1 миллиард теңге сомасында шығын келтірілді деп бағалануда.

Ведомство қызметкерлері іс фигуранттарының басқа да қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғын тексеруде. Атап айтсақ, мониторинг мамандары мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқыру, қылмыстық жолмен түскен кірістерді заңдастыру, сондай-ақ капиталды шетелге шығару секілді заң бұзушылықтар болған-болмағанын анықтайды.

Қазір аталған факті бойынша тергеу басталды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Батыс Қазақстан облысында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Оралдағы тұрғын үй ауданын электрмен жабдықтау үшін бөлінген жарты миллиардтан астам теңгенің жымқырылғанын анықтаған еді.

Ведомствоның мәліметінше, бұл қаражат Оралдағы тұрғын үй аудандардың бірін электрмен жабдықтау мәселесін шешу үшін бөлінген.

Одан бөлек, агенттік қызметкерлері Қарағанды облысында 1 млрд теңгенің кен орны Қытайға заңсыз сатылып кеткенін анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899391-pavlodar-oblysynda-qylmystyq-top-memleketke-1-mlrd-tenge-sygyn-keltirdi-video/

pixel