Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті

Опубликовано:

Түрме қоршауы
Көрнекі фото: piqsels.com

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы тергеу изоляторынан сотталушының қашып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратты еліміздің ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ағымдағы жылдың 15 ақпанында 1987 жылғы сотталушы Д.Т. Давутов ЛА-155/18 мекемесінен (тергеу изоляторы) қашып кетті", - деп хабарлады комитетте.

Аталған факті бойынша Алматы полициясы департаменті Қылмыстық кодекстің 426-бабы (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе абақтыдан қашу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

"ҚАЖ комитеті басшылығының қатысуымен қызметтік тексеру тағайындалды, оның нәтижелері бойынша лауазымды адамдарға қатысты тиісті шаралар қабыданады", - деп толықтырды құзырлы мекеме.

Еске салсақ, бұған дейін WhatsApp мессенджері арқылы қатаң режимдегі колониядан жаза өтеушілердің қашып кеткені туралы хабарлама тараған еді. Онда аса қауіпті үш қылмыскердің түзету мекемесінен қашып, қазіргі уақытта Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде жасырынып жүргені айтылған. Өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жалған ақпарат таратқан үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Одан бөлек, Угандада 200-ге жуық сотталған адам түрмеден қашып кеткені туралы жазған болатынбыз. Қаруланып алған қылмыскерлер үстіндегі сары түсті киімді шешіп, жалаңаш күйде тау жаққа жасырынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899419-almatydagy-tergeu-izolyatorynan-sottalusy-qasyp-ketti/

pixel