Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"100 шақырым жолды еңсере алады": Санжар Тайжан өздері құрастырған электромобиль жайлы айтты

Опубликовано:

Санжар Тайжан
Фото: Facebook/Sanzhar Taizhan

Жас инженер Санжар Тайжан ағылшын студенттерінен (University of Warwick - Уорик университеті) жасақтаған командасымен бірге әйгілі Илон Масктің компаниясы ұйымдастырған турнирде финалға өтті. Сондай-ақ ол қазақстандық әріптестерімен бірлесіп, электромобиль құрастыру жобасын жүзеге асыруға күш салуда. Санжар Тайжан KAZ.NUR.KZ тілшісімен болған сұхбатта аталған екі жобаның аяқ алысын және командаларының алға қойған жоспары жайлы айтты.

Санжар Тайжанның өзі туралы екі-үш күннен бері айтылып жатқан ақпаратқа қосары бар. Ол Илон Маск турниріне қазақстандық әріптестерімен бірге жасаған электромобилдің еш қатысы жоқ екенін жеткізді. Ол екі жобаға ат салысып жүрген командаластарын таныстырды.

Санжар өзінің командаластарымен бірге еліміз үшін әлі талай нәрсе жасай алатынына сенімді.

"Көпшілік халықаралық жоба мен қазақстандық жобамызды шатастырып жатыр. Жанармаймен жүретін автокөлікті электромобильге айналдыру жобасы қазақстандық әріптестеріммен біріккен жұмысымыз. Біздің командада менен басқа Ерлан Рахматуллаев, Ырысты Байғозиев, Ғани Бейсенов деген жігіттер бар. Керемет инженерлер. Біз құрастырған көлік бір қуатталса, 100 шақырым жолды еңсере алады. Болашақта біз кәдімгі көліктерді электромобильдерге айналдыру ісін жолға қойсақ дейміз", - дейді ол командасының жоспарын айта келе.

Санжар Тайжан Илон Маск ұйымдастырған турнирге ұсынған жобасы жайлы да айтып берді. Ол осы турнирге қатысу үшін өзі бітірген Уорик университетінің студенттерінен команда жасақтаған.

Санжар Тайжанның командасы вакуумды пойыздар (АҚШ-та Hyperloop) жүруге арналған тоннель ұңғитын бұрғылау технологиясы туралы жобаны ұсынуда.
Санжар Тайжан
Фото: Facebook/Sanzhar Taizhan

"Бұл - халықаралық жоба. Илон Масктің компаниясы ұйымдастырған турнирге қатысу үшін мен ағылшын студенттерінен арнайы команда жасақтадым. Олар өте талантты Уорик университетінің биылғы инженер түлектері. Біз қатысып жатқан турнир "Not-A-Boring Competition" деп аталады.

Турнир қатысушыларына қойылған басты міндет – Hyperloop вакуумды пойыздары мен Tesla электромобиліне арналған жылдам тоннельдің құрылысын жеделдету. Яғни байқауда жерасты тоннельді аз уақыт ішінде ұңғып, тесіп шығу үшін технология ұсыну қажет. Олар қатысушылардан "Ұлудан да жылдам ұңғуға шамаларың жете ме?" деген сұраққа жауап табуды талап етеді", - дейді Санжар Тайжан.

Уорик университетінің былтырғы түлегі Санжар Тайжан Илон Масктің турнирінде финалға шыққанына өте қуанышты. Айтуынша, турнирге әлем елдерінен 400 өтініш келіп түскен. Соның тек 12-сі финалға жолдама алған.

"Алдағы жазда команда АҚШ-та Hyperloop-ке тоннель жасайтын бұрғылау машинасының прототипін (The Boring Machine) құрастырамыз", - дейді Санжар Тайжан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899443-100-saqyrym-zoldy-ensere-alady-elektromobil-qurastyrgan-qazaq-zigiti-eki-ulken-zobasy-turaly-aitty/

pixel