Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қапшағайда ер адам казино күзетшісіне пышақпен шабуыл жасады (видео)

Опубликовано:

Казинодағы кикілжің
Видеодан кадр: polisia.kz

Қапшағай қаласының полиция қызметкерлері 21 жастағы жігітті казино күзетшісіне шабуыл жасады деген күдікпен ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, ұсталған азамат казино күзетшісіне пышақпен бірнеше рет соққы жасаған. Жарақат алған күзетші аурухана жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.

36 жастағы ер адамның пышақ жарақаттарымен түскенін полицияға Орталық аурухананың қабылдау бөлімінің қызметкерлері хабарлаған.

Полиция қызметкерлері ауруханаға барып, факт расталды, дейді Қапшағай қаласы полиция бөлімі басшысының орынбасары Азамат Тұрғынбаев.

Тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарына кірісіп, нәтижесінде күдікті ұсталған.

Полиция атап өткендей, ер адам шабуылдан кейін оқиға орнынан ізін суытпақ болған. Алайда ол қашып кете алмаған.

Полицияның дерегінше, ұсталған азамат Алматы облысы Талғар ауданының 21 жастағы тұрғыны.

Күдіктіге қатысты кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу басталған. Ол қамауға алынған жәні кінәсін мойындаған.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда екі ер адам әйел үшін төбелесіп қалып, жанжал салдарынан біреуі екіншісіне пышақ салғанын хабарлаған едік.

Белгілі болғандай ер адам танысының үйіне барған. Сол жерде келіншектің азаматтық некедегі күйеуі де болыпты. Бәрі бірге ішімдік ішкен.

Отырыс кезінде күйеуі әйелін қонақтан қызғанып, ер адамдар арасында дау шыққан. Оның арты қанды төбелеске ұласқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1899451-qapsagaida-er-adam-kazino-kuzetsisine-pysaqpen-sabuyl-zasady-video/

pixel