Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елімізде 33 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

Опубликовано:

Аяз
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күн, 18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, 18-19 ақпан аралығында елімізге Оңтүстік-Каспий циклоны әсер етеді.

Салдарынан бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауып, солтүстік облыстарда қарлы боран болмақ.

19 ақпаннан бастап ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Еліміздің солтүстігінде түнде температура 15-33 градусқа дейін төмендеп, аяз болуы ықтимал. Ал оңтүстік аймақтарда керісінше +5 градусқа дейін жылы болмақ.

Өзге аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін. Кей жерлерде ауа температурасы 10-15 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Айта кетейік, ТЖ қызметкерлері қолайсыз ауа райы кезінде жолға шықпауды ескертіп жатады. Алайда кей кезде көлік жүргізушілері мамандардың ескертпесіне құлақ аспай жатады.

Мәселен 14 ақпанда Алматы облысында перзентхана қызметкерлері мінген шағын автобус аударылып қалған еді.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Mercedes-Benz Sprinter көлігінің 41 жастағы жүргізушісі "Талғар-Есік-Бәйдібек би" тас жолының 73 шақырымында, Сатай ауылына жақын жерде, көктайғақ және тұман жағдайында рөлді басқара алмай, жол апатына түскен.

Салдарынан 21 адам ауруханаға жүгінген. Травматологиялық бөлімге үшеуі жатқызылған. Ауруханаға жатқызуды қажет етпеген 19 пациент амбулаториялық бақылауға жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899452-aldagy-kunderi-elimizde-33-gradusqa-deiin-ayaz-bolady/

pixel