Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚазҰУ-дың жері жекенің қолына өтіп кеткені рас па: Сағынтаев жауап берді

Опубликовано:

ҚазҰУ
ҚазҰУ. Фото: bilimdinews.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жері жекеменшікке өтіп кетті деген қауесетке жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкімнің айтуынша, университеттің жерін ешкім жекеменшікке бергелі жатқан жоқ.

"Қазір университеттің жері университттің меншігінде және оның басқаруында. Егер университет бұл жерлерді әлдекімге бергісі келсе, онда университет әкімдікке "Бұл жерлер бізге керек емес, алыңыздар" деген ұсыныспен шығуы керек", - дейді Сағынтаев.

Оның сөзінше, жаңа ректормен кездесіп, аталған мәселені талқылаған.

"Ол кісі университетімізді әрі қарай дамытуымыз керектігін, жердің ешкімге берілмейтінін, бұл дұрыс еместігін айтты. Бүгінде университеттің жерін әлдекімге беру туралы әңгіме жоқ", - дейді Алматы қаласының әкімі.

Еске сала кетсек, бүгінгі есеп беру кездесуінде Бақытжан Сағынтаев қаладағы экологияны жақсарту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтқан еді.

Оның сөзінше, ЖЭО-2-ні газға ауыстыру туралы шешім қабылданған. Биыл жобалық құжаттар дайын болады. Жыл сайын екі қазандықтан газға ауыстырып, 2025 жылдың соңына қарай ЖЭО-2-ні газға ауыстыруды толық аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар ол Алтын Орда базары маңындағы салынып жатқан жолайрық туралы да айтты. Әкімнің сөзінше, ол қалаға тиесілі жер емес.

Өзі де жолдың тез арада салынып бітеуін күтіп жүр екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899465-qazuu-dyn-zeri-zekenin-qolyna-otip-ketkeni-ras-pa-sagyntaev-zauap-berdi/

pixel