Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік тізімді бекітті: Зейнетақы жинағын емнің қандай түріне пайдалануға болады

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: piqsels.com

Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағын пайдалануға болатын медициналық қызметтер тізбесін бекітті деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

ДСМ мәлметінше, бұйрық 2021 жылғы 15 ақпанда мерзімінен бұрын бекітіліп, Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 ақпанда тіркелген.

Сонымен қатар бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні және жақын арада жарияланатыны айтылды.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану Қазақстан азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен жабылмайтын медициналық қызметтерді қосымша алуға мүмкіндік береді.

Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер тізбесіне:

  • - орфандық ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, емдеу, сондай-ақ емдеу тактикасын айқындау үшін диагностикалық зерттеулер;
  • - Қазақстан аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация);
  • - операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық);
  • - радионуклидтік және радиойодтерапия;
  • - радиохирургиялық емдеу;
  • - протон терапиясы;
  • - офтальмологиялық қызметтер жатады.

Медициналық қызметтердің осы тізбесі халықтың қажеттілігін ескере отырып қайта қаралуы мүмкін.

Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтінішті қайда, қалай беру керектігін мына сілтемеден толығырақ оқи аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899504-adilet-ministrligi-zeinetaqy-zinagan-emdeluge-paidalanu-turaly-buiryqty-tirkedi/

pixel