Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне қойылған гүлді қоқысқа лақтырған (видео)

Опубликовано:

Гүл шоқтары
Көрнекі фото: Nikolas Kokovlis/NurPhoto/Getty Images

Петропавлда жауынгерлер ескерткішіне кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 32 жыл болуына орай қойылған гүл шоқтары қоқыстан табылды. Бұл іске кім жауап беретінін СҚО полиция департаентінде айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Белгісіз біреулердің әрекетіне Петропавл тұрғындары шағымданды. Гүл шоқтары анықталған видео Instagram желісіндегі skopetro парақшасында пайда болды.

"Ауғанстанда қаза болған 46 адамның құрметіне қойылған гүл шоқтарын бүгін түнде лақтырып тастағанын қараңдар" , - деді кадр сыртындағы ер адам.

Бейнежазбадан ескерткіштен бастап қоқысқа дейін жатқан гүлдерді көруге болады. СҚО полиция департаментінің өкілдері аталмыш видео астына пікір қалдырған. Олардың мәлімдеуінше, гүл шоқтарын қалалық коммуналдық қызметкерлер тастаған.

"Полиция бірінші бөлімінің қызметерлері тексеріс барысында ауа райы жағдайына байланысты коммуналдық қызметкерлердің ескерткіш маңындағы аумақты жинау кезінде гүлдерді жинағанын анықтаған" , – деді департамент басшылығы.

Сонымен қатар, полиция "Коммунхоз" ЖШС өкілдерімен енді гүл шоқтарын жедел жинастыру болмайтынына келіскенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899527-petropavlda-augan-sogysy-ardagerlerini-krmetine-kojylgan-gldi-kokyska-laktyrgan-video/

pixel