Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"600 оқытушы жұмыссыз қалмақ": Еліміздегі университеттердің бірі жабылу шешіміне қарсы шықты

Опубликовано:

Оқытушылар
Скриншот: "Астана" телеарнасы

Алматыдағы Қазақ медициналық университеті жабылса, 600-ге жуық адам жұмыссыз қалады. Осылай деп дабыл қаққан жоғарғы оқу орнының оқытушылары Білім және ғылым министрлігінің "оқу орнын лицензиядан айыру" туралы шешіміне наразылық білдірді. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлайды.

Оқу орнының қызметкерлері білім ордасы ғылыми оқытушылық құраммен де, техникалық базамен де қамтылғанын алға тартып, министрдің шешімімен келіспейтінін жеткізді.

Қазақ медициналық медицина университеті 1963 жылдан бері жоғары білікті мамандарды даярлап келеді. Бүгінде оқу орнында 3 мыңнан астам студент білім алып жатыр.

1000-ға тарта адам жұмыс істейді. Олардың 600-ге жуығы - жоғары білікті оқытушы.

"Лицензиясын алып жатқан ол өте дұрыс емес, қателік. Неге десеңіздер 60 жыл тарихы бар осы универститет институт болған. Тарихы үлкен. Бүгінгі күнде 3 жарым мың бала оқиды. Жалпы біз, 577 адам жұмыссыз қаламыз деп отырмыз", - дейді Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің профессоры Марат Рахманов.

Оқутушылар білім ордасында ешқандай заңбұзушылық болған емес деп санайды.

"Талабымыз қазіргі таңда - президентке дейін бару. Өйткені БҒМ-дан бізде күмән қалып тұр. Олардың істеп жатқан ісіне. Университетке тәуелсіз сараптама өткізсінші. Біздің осында істеп жатқан мамандардың шынымен дәрежесі жете ме", - дейді университеті профессоры Раушан Бердалина.

Университеттің студенттері де шешіммен келіспей отыр. Олар оқу ордасында ең үздік мамандар білім беретінін айтуда.

"Біздің сонша жыл ақылы бөлімде оқығанымыз зая кетейін деп тұр. Сол себепті біз бұл университеттің қазіргі кезде жабылғанын қаламаймыз. Университет бұрыннан бері дәрігерлердің біліктілігін көтерумен ерекшеленеді және де профессорлық құрам өте жақсы дайындалған. Білімі өте мықты", - дейді Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің 7-ші курс студенті Назым Құлназарова.

Еске сала кетейік, жақында Білім және ғылым министрлігі аталған мекемені лизенциясынан айыру туралы шешім шығарған еді.

Дегенмен ведомство ондағы студенттердің гранттары сақталатынын және олар басқа жоғары оқу орындарына ауыстырылатынын айтқан еді.

"Ал оқытушыларды жұмысқа орналастыру мәселесі жеке қарастырылып жатыр", - деген еді Білім және ғылым министрлігі сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Айта кетейік, бас лицензиядан айыру туралы сот шешімі 10 жұмыс күнінен кейін заңды күшіне енеді. Осыдан кейін жоғары оқу орны білім беру қызметін тоқтатуға міндетті.

Дегенмен далада қалудан қауіптенген оқу орнының професорлары, енді қол жинап, президентке хат жазуға ниеттеніп отыр.

Ә. Лесбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899549-600-oqytusy-zumyssyz-qalady-elimizdegi-universitetterdin-biri-zabylu-sesimine-qarsy-syguda/

pixel