Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус бедеулікке әкеп соғатыны рас па: Маман жауап берді

Опубликовано:

Жүкті әйел
Көрнекі фото: pixabay.com

COVID-19 инфекциясының бедеулікке әкеп соғатыны жайлы ақпарат бар. Алайда отандық маманның сөзінше, елімізде коронавирус салдарынан бедеулікке ұшыраған жағдай тіркелмеген деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жалпы коронавирус бедеулікке алып келетіні туралы ақпарат бар, бірақ бізде әзірге ондай науқастар анықталған жоқ және тіркелген жоқ", - дейді "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының" бөлім меңгерушісі Айнұр Тәуекелова.

Оның айтуынша, коронавируспен ауырғаннан кейін иммунитеттің төмендеп кетуі, қант диабеті, қалқанша безінің зақымдануы, тыныс жолдары аурулары және бауыр мен бүйрек ауруларының пайда болуы жиі кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін "Кардиология және ішкі аурулар" ғылыми зерттеу орталығы ішкі аурулар кафедрасының профессоры Сәуле Қасенова коронавируспен ауырғандардың 20 пайызында ауру белгілері екі жылға дейін сақталатынын айтқан еді.

"Аурудың клиникалық белгілері болғандарда 3 айға дейін, ауыр түрімен ауырғандарда 2 жылға дейін сақталады", - дейді маман.

Сондай-ақ ол ауырған адамды ұзақ уақыт бойы жөтел, демікпе, әлсіздік, бас ауруы мен бас айналуы мазалауы мүмкін екенін де жеткізген болатын.

"Кейбіреулерінің жүрегінде, енді бірінің кеудесінде ауырсыну пайда болады. Ұйқысы бұзылып, есте сақтау қабілеті нашарлап кететіндер де бар", - дейді Сәуле Қасенова.

Профессор инфекциядан кейін қайта қалпына келтірудің әртүрлі жолдары бар екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899569-koronavirus-bedeulikke-akep-sogatyny-ras-pa-maman-zauap-berdi/

pixel