Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда 26 жастағы келіншек консервіленген қызанақтан уланып көз жұмды

Опубликовано:

Қызанақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Өзбекстанның Жызақ облысында үш адам үйде дайындалған консервіленген қызанақтан уланып қалған. Олардың бәрі бір үйдің мүшелері. Ал 26 жастағы келіншек қайтыс болды деп хабарлайды Орта Азия жаңалықтар қызметі.

Жергілікті басылымдар жазғандай, келіншекті ауруханаға жеткізгенде, есінен танып, сөйлей алмай қалған. Онымен бірге күйеуі және қайын атасы да ауруханаға түскен.

Марқұм уланғаннан кейін бір жарым тәулік бойы дәрігерге қаралмаған.

Осыған дейін жергілікті БАҚ Самарқанда да консервіленген тамақтан бес адамның уланғанын, бірінің ауруханада қайтыс болғанын жазған еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында 47 адам сушиден уланған соң дәмхана жұмысын тоқтатқан болатын.

Атырау облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың 28 желтоқсаны мен 2021 жылдың 3 қаңтары аралығында Жылыой аудандық орталық емханасының жұқпалы аурулар бөліміне "Тағамдық токсикоинфекция" диагнозымен 47 адам жеткізілген.

Белгілі болғандай, науқастардың бәрі "Три самурая" дәмханасынан тапсырыспен суши алып жеген екен. Нәтижесінде Жылыой аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары "Три самурая" дәмханасына тексеру жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықты анықтаған.

Нақытрақ айтсақ, дәмханада балық, балық өнімдерін, кремдер мен соустарды, нан-бөлкелерді қабылдау, сақтау, қадағалау мен қауіпсіздігін куәландыратын ілеспе құжаттама болмаған.

Одан бөлек, бөлшектеу тақтайшалары мен пышақтар өңделетiн өнiмдерге сәйкес таңбаланбаған және тамақ өнімдерін сақтау кезінде температуралық ылғалдылықты қадағалап отыру үшін тоңазытқыш үй-жайлары, тамақ қоймасы арнайы термометр, психрометр құрылғыларымен қамтылмаған болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1899572-ozbekstanda-26-zastagy-kelinsek-konservilengen-qyzanaqtan-ulanyp-qaitys-boldy/

pixel