Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда коронавирусқа байланысты шектеу шаралары жеңілдетілмек

Опубликовано:

Тәжвирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркияда наурыз айынан бастап елде коронавирусқа байланысты енгізілген шектеу шаралары жеңілдетілмек. Бұл туралы Түркия президеті Ережеп Тайып Ердоған мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости.

Қазір Түркияда жұмыс күндері сағат 21:00- ден таңғы сағат 05:00- ге дейін, жұма күні кешкі 21:00- ден дүйсенбі күнгі таңғы 05:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген.

Одан бөлек, Түркияда барлық жерде маска режимі мен әлеуметтік арақашықтық сақтау міндеттелген.

Мейрамханалар, кафе мен түнгі клубтар және басқа да көңіл көтеру орындары жабық. Ал қоғамдық тамақтану орындары тек тағам жеткізумен айналысады.

"Коронавируспен күрес динамикасы мен біздің жетістіктерімізге қарап, наурыз айының басында шектеу шараларын жеңілдетуді бастаймыз. Өңірлерді төрт санатқа бөлеміз. Олар: жағдайдың қауіптілігі жоғары, бірқалыпты, орташа және төмен. Осы топтар бойынша коменданттық сағатты біртіндеп алудан бастап, әр провинцияға қатысты жеке-жеке шешімдер қабылданады", - дейді Ердоған Анкарада журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Ол алдағы күндері мейрамханалар мен кафелер және басқа да қоғамдық тамақтану орындарының ашылуына байланысты жол картасы жарияланатынын айтты.

Ердоғанның сөзінше, Түркияда қазірдің өзінде 5,5 млннан аса адам коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған.

Айта кетейік, осыған дейін Германия 1 наурыздан бастап азаматтарына коронавирус экспресс-тестін тегін ұсынатыны хабарланған еді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899577-turkiyada-koronavirusqa-bailanysty-sekteu-saralary-zenildetilmek/

pixel