RU

Алматыда ойын-сауық орталығының автотұрағында болған төбелес видеоға түсіп қалды

Жанжал сәті
Видеодағы кадр: instagram.com/kris.p.telegram

Алматыдағы "Dostyk Plaza" сауда ойын-сауық орталығының автотұрағында болған төбелестің видеосы желіде тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төбелестің видеосы kris.p.telegram Instagram парақшасында жарияланды.

"Бұл "Dostyk Plaza" автотұрағында болып жатыр. Олар қақтығысып қалды... Қолында пышақ бар. Артында көптеген көлік тұр", – дейді кадр сыртындағы дауыс.

"Dostyk Plaza" өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Оқиға орнына бір минутта жеткен "Dostyk Plaza" қызметкерлері кикілжіңді шешті. Жанжалдасқандар Алматы полиция департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды. Сауда ойын-сауық орталығының қауіпсіздік қызметі оқиға орнына келген кезде жарақат алғандар болған жоқ. Олар медициналық көмекке жүгінбеді", – дейді СОС өкілдері.

Алматы полиция департаменті сауда-ойын-сауық орталығының тұрағында жанжалдасқан екі адамның ұсталып, Медеу ауданының полиция басқармасына жеткізілгенін растады.

1990 жылы және 1994 жылы туған ер адамдар ұсақ бұзақылық үшін 434 бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Тексеріс нәтижесінде олардың бірінің қолындағы пышақтың ойыншық пышақ екені анықталған.

Әкімшілік материал Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілген.

Бұл бап бойынша 5 АЕК айыппұл салу немесе он тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899632-almatyda-tanymal-sauda-oiyn-sauyq-ortalygynyn-avtoturagynda-bolgan-tobeles-videoga-tusip-qaldy/