Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасымен жанжалдасқан шымкенттік жігіт араша түсуге келген көршісін өлтірді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Анасы мен оның 25 жастағы ұлының арасындағы жанжал өткен жылдың маусым айында Шымкенттегі Бозарық ауылында басталған. Жігітті сабырға келтіру үшін әйел көршілерінен көмек сұрайды. 56 жастағы ер адам жас жігітті ақылға шақырғысы келген, бірақ ол көршісіне пышақпен шабуылдап, оқиғаның соңы өліммен аяқталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қаратау аудандық сотының үкіміне сілтеме жасап.

"Анам екеуміз ұрысып қалдық. Түнгі сағат 11 шамасында ол ұялы телефон арқылы көршіге қоңырау шалып, үйге шақырды. Ол үйге кіре сала, маған ұрыса бастады. Әңгіме айқайға ұласып, ол менің бетімнен ұрды. Сол себепті мен ас үй пышағын алып, оның ішін жараладым", – дейді жігіт сот отырысында.

Жарақат алған ер адам далаға шығып, жолға құлап түседі. Қансыраған оны көрген туыстары жедел жәрдем шақыра бастайды. Кейін олар уақытты жоғалтпау үшін өздері ауруханаға жеткізуге шешім қабылдаған.

Ер адам медициналық мекемеге жеткізіліп, дереу жансақтау бөліміне жатқызыалды. Алайда, дәрігерлер қанша тырысқанымен, ол алған жарақатынан қайтыс болған.

Полиция қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі (Абайсызда өлімге әкеп соқтыратын ауыр дене жарақатын келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қаратау аудандық соты істің мән-жайын зерделеп, 25 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.

"Алайда екінші сатылы сот сотталушының жасын, оның өкінішін және жазаны жеңілдететін басқа жағдайларды ескере отырып, мерзімді 8 жылға дейін қысқартты. Үкім заңды күшіне енді", – деп түсіндірді Шымкент қалалық соты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1899647-anasymen-zanzaldasqan-symkenttik-zigit-arasa-tusuge-kelgen-korsisin-oltirdi/

pixel